Контракция жорамалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Контракция жорамалы. 1830 жылы француз геологы Эли де Бомон алғаш ұсынған бұл геотектоникалық жорамалға сәйкес, қатпарлық процесінің көрініс беру себебі алғаш жаралуы барысында оттай ыстық күйде болған (Жер жаралуының Кант-Лапласс ұсынған жорамалына сәйкес) Жер планетасының тез суынуына байланысты оның беткі "қабығы" өз көлемін азайтуымен, сөйтіп сан алуан қатпарларға "жинақталуымен" түсіндіріледі. Қазіргі таңда Жердің "салқын" заттардан жаралғандығы көкейге қонымдырақ деп есептелінеді (Жер жаралуының Шмидт-Фесенков ұсынған жорамалы), сондықтан контракция жорамалының шындықка жанаспайтыңдығы дәлелденген деуге болады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}