Контент-анализ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Контент-анализ - [ағылш. Contents - мазмұны] - халықаралық қатынастарды зерттеудің экспикативті әдістерінің бірі. Саяси ғылымда алғаш рет американдық зерттеуші Г.Лассуел қолданды. Бұл әдіс жазбаша немесе ауызша мәтіннің мазмұнын жүйелі зерттеуге мүмкіндік береді. Ол мәтіндегі өте жиі қайталанатын сөз тіркестері мен сюжеттерді жазып алу арқылы жүргізіледі. Одан әрі осы сөз тіркестері мен сюжеттердің жиілігі басқа жазбаша немесе ауызша хабарлардың жиілігімен салыстырылады. Нәтижесінде зерттеліп отырған мәтін мазмұнының саяси бағыты жайлы қорытынды жасауға болады. Осы әдісті сипаттай келіп М.А. Хрусталев пен К.П.Бришполец оны қолданудың мынадай кезеңдерін атап көрсетеді: ақпараттық материалды алғаш өңдеуге қатысты мәтінді құрылымдау; ақпараттық массивті матрицалық кестенің көмегімен өңдеу; ақпараттық материалдарды квантифкациялау. Әдісті қолданудың тиімділігі тал¬даудың алғашқы бірліктерін (терминдер, сөз тіркестері, мағыналы блоктар) және өлшеу бірліктерін (сөз, фраза, бөлім, бет) дұрыс анықтауға байланыcты. Бұл әдісті тиімді қолдану мақсатында арнайы компьютерлік "Oasis", "Fluent" бағдарламалары жасалған.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Контент-анализ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}