Конвенция

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Конвенция - Үлгі:Lang-la - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; 2) келісім бойынша уағдаласушы жақтардың құқықтар мен міндеттемелерін айқындайтын құжат, мысалы, арнайы мәселе бойынша халықаралық келісім-кедендік конвенция, зияткерлік құқық туралы бүкіләлемдік конвенция және т.б.; 3) субъектілердің келісімі мен уағдаласуы негізінде ережелер, белгілер, символдар, тілдік және басқа да жүйелер енгізуді үйғаратын танымдық шара. Конвенцияны қабылдау мәселесі ғаламдану үшін аса жоғары мәнге ие. Конвенция - диалогтық және коммуникативтік сипаттағы таным мен әрекеттің тікелей нәтижесі. Мәдени-тарихи, әлеуметтік-психологиялық және коммуникацияның лингвистикалық аспектілерімен қатар, оларды жүзеге асыру үшін құрылған конвенциялар танымның әлеуметтік мәдени табиғатын көрсетеді; әртүрлі интерсубъективті, тұлғааралық, бұқаралық ресми және бейресми, ауызша және жазбаша байланыстар мен қатынастардың тұтас жүйесіне айналады. Конвенциялар саяси, ғылыми және өзге де қауымдастықтардың құндылықты бағдарларының өзгеруін, ұстанымдардың, зерттеу бағдарламаларының алмасуын, ақыр соңында әлеуметтік- тарихи қатынастарда және жалпы мәдениеттегі әзгерістерді сергек байқап, тізбектеп отырады. Конвенциялардың қабылдануы және оларды пайдалану - коммуникативті ұтымдылықтың негізгі нәтижелерінің бірі.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Конвенция|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}