Колебаев Алексей Семенович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колебаев Алексей Семенович(1914 жылы туған, Целининград облысы, Камышен селосы) - Қазақстан партия, кеңес қызметкері. 1940 жылдан КОКП мүшесі, Семей қаласындағы жұмысшы фокультетін (1934), Қазақ кен - металлургия институтын (1940) бітірді. 1940 - 43 жылы Оңтүстік Урал никель комбинатында шебер, ауысым бастығы, цех бастығының орынбасары. 1943 - 48 жылдары Орынбор облысының, Орск қалалық парития комитетінің бөлім меңгерушісі, Оңтүстік - Урал никель комбинатында, Орск - Халиловск металлургия комбинатында, 1952 - 55 жылдары "Алтайсвинецстрой" тресінде, В.И.Ленин атындағы Өскемен мырыш зауытында ауысым бастығы. 1955 - 65 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі және оның хатшысы. 1965жылдан Қазақстан КП ОК-інің секретары және оның Бюро мүшесі, КОКП 24 - съезінің және Қазақстан КП 12, 13 - съездеріні делегаты, 7 - сайланған КСРО Жоғары кеңесінің, 6-8 сайланған Қазақ АКСР Жоғары кеңесінің депутаты. Қазан революциясы орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендері және медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

  • Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ. Қаратаев, 491 бет