КешYou

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкалық топ КешYOUҚазақстандық әнші қыздардан құрылған музыкалық топ. 2004 жылы Алуа Қонарованың продюсерлігі кезінде топтың атауы SAF болып құрылды. 2006 жылдың 10 сәуір күні белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева трионы өзінің қол астына алып, топ атауын КешYOU етіп өзгертті. Жылдық табысы $500 мыңнан асатын КешYOU тобы, продсердің ең табысты жобаларының бірі<ref>http://forbes.kz/news/2014/08/04/newsid_64991/</ref> Уақыт өте келе топтың құрамы, стилі бірнеше рет өзгерді. 2016 жылдың 24 мамыр күні топтың 10 жылдығына арналған мерейтойлық концерті өтті. Концертке Ақбота Сейтмағамбет, Балжан Бидаш, Жұлдыз Өмірғали, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Әнел Әрінова, Зумрад Гараева қатысты.

Топтың тарихы

КешYou тобы 2006 жылы белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева жобасымен құрылды. Осы кезге дейін бірнеше рет құрамы ауысқан музыкалық топ, Қазақстандағы алдыңғы қатарлы үздік қыздар топтар қатарына қосылып үлгерді.

1 құрамы: Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Маржан Мендібаева

2 құрамы: Әнел Әрінова, Зумрад Гараева, Мөлдір Әуелбекова (Мама, Пленник, 100 дней любви)

3 құрамы: Әнел Әрінова, Аида Смағұлова, Мөлдір Әуелбекова (Арман-ай)

4 құрамы: Әнел Әрінова, Наиля Заитова, Мөлдір Әуелбекова (Персона, Сүгір, Әлия)

5 құрамы: Әнел Әрінова, Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова (Әдемі қыз)

6 құрамы: Әнел Әрінова, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбекова

7 құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жанар Дұғалова (Асықпа, Қазақ қыздары, Туған жер, Ризамын, Махаббат)

8 құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Мөлдір Әуелбекова

9 құрамы: Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова, Жұлдыз Өмірғали (Келші жаныма)

10 құрамы: Ақбота Сейтмағамбет, Балжан Бидаш, Жұлдыз Өмірғали (Қайтар жүрегімді, Армандаймын, Куыршактар, Туған жер тағдырым, Рухты ару)

11 құрамы: Элизат Берікова, Балжан Бидаш, Сара Амангелді, Назым Әбілдина (Қалай ғана?)

Шығармашылығы

Әндері: Пленник , Мама, 100 дней любви, Ангел неба, Ты верни любовь, Прошлые дела, Памяти Карузо, 2 часа, Арман-ай, Персона ,Cүгipдiң термесi, Әдемі қыз, Казак қыздары, Махаббат, Қазақтың арулары, Асықпа, Ризамын, Туған жер, Бақ мекенім - Астана , Келші жаныма , Қайтар жүрегімді, Армандаймын, Сағындым сені, Салем саған туган ел, Мұңайма, Туған жер, Әлия, Жаным, Жан анам, Арман - ай, Отан, Домбыра туралы баллада, Save You, Келші жаныма, Арманым сен ғана, Қуыршақтар, Рухты ару, Туған жерім тағдырым, Ғашықпын, Неге, т,б. 

Бейнеклиптері: Жасыл ел(SAF), Мама, Пленник, 100 дней любви, Арман-ай, Персона, Cүгip, Әлия, Әдемі қыз, Асықпа, Казак қыздары, Туған жер, Ризамын, Махаббат, Қазақтың арулары, Бақ мекенім - Астана, Келші жаныма , Қайтар жүрегімді, Армандаймын, Қуыршақтар, Туған жерім тағдырым, Рухты ару.

Жетістіктері

  • сыйлық («Türkçе Vizyon-2010»)
  • «I орын» сыйлығы («Восточный базар-2010»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Астана жұлдызы-2013»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2012»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2013»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Астана жұлдызы-2014»)
  • «Ең үздік қыздар тобы» сыйлығы («Алтын микрофон-2014»)
  • «Top Hits Girls» сыйлығы («Top Hits Award-2015»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2015»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («Elle Style Awards Kazakhstan-2016»)
  • «Үздік қыздар тобы» сыйлығы («EMA-2016»)
  • «Ел таңдауы» сыйлығы («Жыл таңдауы-2016»)

Топ мүшелері

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер