Кен орындарын қазып алудың тиімді әдістерін таңдау және оларды экономикалық тұрғыдан салыстырып бағалау (монография)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кен орындарын қазып алудың тиімді әдістерін таңдау және оларды экономикалық тұрғыдан салыстырып бағалау - 1969 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Ғылым Академиясының «Ғылым» баспасынан орыс тілінде жарық көрген монография; көлемі 10 баспа табақ. Еңбекте 5 сурет, 3 кесте және 94 әдебиеттер тізімі берілген. Авторы - техника ғылым доктары А.Е.Ерғалиев. Кітап кіріспеден, 4 тараудан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы бетінде көрнекті кеңес ғалымы, академик Қаныш Сәтбаевтың жарқын бейнесіне арналады деп жазылған.

Монографияда кен-геологиялық факторы бойынша тиімді әдістерді таңдап алуға қысқаша шолу және жер асты кен орындарын қазып алудың техника-экономикалық салыстырмалы әдістеріне толық талдау беріледі. Кен орындарын қазып алуды таңдау мен оларды экономикалық тұрғыдан салыстыра бағалаудың ғылым негізі, сондай-ақ автордың жер асты кен орындарын қазып алудың тиімді әдістерін таңдауы мен оларды экономикалық тұрғыдан салыстыра бағалаудың жаңа критерийге негізделген жаңа әдістемесі де көрсетілген. Кітап инженер-техникалық жұмысшыларға, кен ісі мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кен орындарын қазып алудың тиімді әдістерін таңдау және оларды экономикалық тұрғыдан салыстырып бағалау (монография)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}