Кенішбай Алшоразов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенішбай Алшоразов (1940 ж. т., Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы) – еңбек ардагері.

Қазақтың ауыл шаруашылық институтының (қазіргі ҚазҰАУ-дың) агрономдық факультетін бітірген (1973). 1959 – 96 ж. ұжымшарда күрішші болып істеді. 1960 және 1979 ж. облыс бойынша өнім алудан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді. 1961 ж. Кубаға күріш егу технологиясын үйретуге жіберілді. 1970 жылдан агроном, бригадир, бөлімше басқарушысы болып қызмет атқарды. Күріштен мол өнім алғаны үшін Қазақ КСР Мемлекет сыйлығын алған. 3-дәрежелі Даңқ орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub