Кенжебек Мұсабайұлы Барманбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжебек Мұсабайұлы Барманбеков (21 ақпан 1951 жылы, Қордай ауданы, Қасық ауылы) — суретші монументші. 1967 жылы Масанчи ауылында орта мектепті бітіріп, Бішкек қаласындағы көркем сурет училищесіне оқуға түсті. 1969-71 жылы әскери міндетін өтеп қайтқаннан кейін оқуын Алматыдағы Гоголь атындағы көркем сурет училищесінде жалғастырды. 1973 жылдан киножарнама саласында, республикалық газет-журналдарда суретші болып еңбек етті. 1985 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының " Өнер" комбинантында суретші- монументалист. 1990 жылдан Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Монументалды туындылары бойынша Халықаралық, республикалық көрмелерге қатысты. Туындылары шет ел және отандық коллекция жинағына енген.<ref>Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер