Кенжебек Күмісбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кенжебек Күмісбеков (1927 - 1987)- композитор. Қазақстан халық артисі.

Шығармашылығы

Ол А. Жұбановқа арнаған «Дала сыры» симфониялық дастанында Абайдың «Көзімнің қарасы...» деген әнінің әуенін пайдаланған. Бұл ән алғашқы кезеңде оркестрде цитата түрінде пайдаланылса, кейін әр түрлі аспаптарға ажырап, әдемі дауыстарға бөлініп, дастанның музыкалық құндылығын байыта түседі. Күмісбеков сонымен қатар Абайдың «Домбыраға қол сұқпа», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп...» өлеңдеріне ән-романстар жазды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Аманат жинағы

Бұл жинаққа қазақтың көрнекті композиторы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Кенжебек Күмісбековтің күйлері мен симфониялық поэмалары еніп отыр. Бұлардың қатарында "Биші қайың" (күй), "Қан сонарда" (күй), "Аманат" (күй), "Фараби сазы" (күй-поэма), "Сары-өзен саздары" (күй-поэма) шығармаларымен катар "Жастық шақ" сюитасының соңғы бөлімі "Вальс" туындылары бар. Жинақ жалпы білім беретін орта мектептер, музыкалық арнаулы орта оқу орындары, колледждер, өнер, музыка академиясы, консерватория шәкірттері мен студенттеріне, сондай-ақ кәсіби музыканттарға арналып шығарылған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер