Кенді Алтай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тау

Кенді АлтайАлтайдың батыс бөлігінің тарихи-географиялық атауы. Негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысында және шағын бөлігі Ресей Федерациясының Алтай Республикасы жерінде орналасқан. Кенді Алтайда дүние жүзіндегі аса ірі полиметалл кендері, олардан өндірілетін кентастарды өңдейтін кен және металлургия кәсіпорындары шоғырланған.

Географиялық орны

Географикалық тұрғыдан Чарыш және Ертіс өзендерінің аралығындағы аймақ, Үлбі, Колывань, Қалба жоталары кіреді.

Геологиялық құрылымы

Тектоникалық тұрғыдан екі жағынан жер қыртысының терең жарылымдары – Ертіс және Солтүстік-шығыс жаншылу белдемдерімен шектеледі. Кенді Алтай Зайсан геосинклинальдық жүйесіндегі біртұтас геотектоникалық құрылым ретінде герцин тектогенезінде қалыптасқан. Ол төменгі палеозойда оқшауланып, ортаңғы палеозойда (девон – төменгі тас көмір) геосинклинальдық режимде, ал жоғарғы палеозойда жас платформа түрінде дамыған. Бұлар негізінен девон мен төменгі тас көмірдің карбонатты терригендік және қышқыл, аздап негіз құрамды жанартаутекті жыныстардан құралған. Олардың ішінде жоғарғы палеозойдың гранитоид интрузивтері кең тараған.

Кен байлықтары

Кенді Алтайдың негізгі өндірістік кендері терригендік липорит-дацитті қабаттарда шоғырланған. Кен денелері қабат, шток, бұрыс пішінді. Олар бүтіндей және сеппелі кентастардан тұрады. Негізгі минералдары пирит, сфалерит, галенит, халькопирит, қосымша солғын кентас, саф алтын, күміс, теллуриттер, т.б. кездеседі. Негізгі желілі минералдары: кварц, серицит, хлорит, барит және карбонаттар.

Кен орындары

Өндірістік маңызы бар кен орындары солтүстік-батыс бағытта тектоникалық опырылым, жаншылу белдемдерін бойлай екі жолақ құра орналасқан. Ертіс жаншылу белдеміндегі кен орындары мыс-қорғасын-мырышты (Орлов, Золотушинск, Николаев, Белоусов, Березов, т.б.), ал солтүстік-шығыс жаншылу белдеміндегі кен орындары қорғасын-мырышты (Рубцов, Степное, Талов, Среднее, Зареченск, Зырянов, т.б.). Бұл кендерден, сондай-ақ алтын, күміс өндіріледі. Кенді Алтай өлкесіндегі кен орындардан алынатын шикізат негізінде Қазақстанның ірі кен-металлургия кәсіпорындары («Қазмырыш», «Қазақмыс» корпорациялары, т.б.) жұмыс істейді.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кенді Алтай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}