Келіншектас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Келіншектас.jpg
Мерке өңіріндегі әйел мүсіні

Келіншектасәдет-ғұрып, діни сенімдерге байланысты тастан мүсінделген адам пішіні, балбал тастардың бір түрі. Ежелгі түркілер «блбл» деп аталған тас мүсіндерді өздерінің қайтыс болған атақты адамдарының басына тұрғызған. Қазақтардың басында кимешек, күндік таққандары обаларда көптеп кездеседі. Бұған қарағанда түркілер әйел адамдардың бейітіне де Қазақтар қойған сияқты. Келіншектас Моңғол жерінен Карпат тауына дейінгі аралықта Еуропа мен Азия аралығындағы жазықта, Қырым, Cолтүстік Кавказ далаларында кездеседі. Археология зерттеулерге қарағанда Келіншектастардың төрт түрі бар: 1) қола дәуірі кезіндегі Келіншектастар; биікт. 2 – 4 м; 2) сақ-сармат кезіндегі Келіншектастар; 3) 6 – 7 ғ-лардағы түркілердің Келіншектастары; 4) 11 – 12 ғасырлардағы қыпшақтар дәуіріндегі Келіншектастар. Тас мүсіндер Қазақстанның көп аймағында ұшырасады. Балбалдың кемпіртас деген де түрі бар.

Шығармалары

Марғұлан Ә.Х., Ұлытау жеріндегі тас мүсіндер Ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966. <ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Пайдалған әдебиет

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Келіншектас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}