Кек алу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кек алу – істелген зұлымдық үшін, қорлағаны үшін, ренжіткені үшін қарымта ретінде әдейі жасалған әрекет, өш алу. Бұл дәстүр әлем халықтарының бәрінде де болған. “Жеті жарғының” бірінші бабы “қанға – қан, жанға – жан” деп басталады. Құранның “Маида” сүресінде (45-аят) жасалған тән жарасына сай жаза қолдану жайында айтылады. Алайда, Құран “таспен ұрғанды аспен ұр”, “алдыңа келсе, әкеңнің құнын кеш” деп қазақтар айтқандай, кешірім етуге үндейді. Сол үшін қазақтың дәстүрлі ғұрыптық құқығында қанға – қанды құнмен алмастырған. Дегенмен, кек алу дәстүрі аракідік ұшырасып отырған. Тау халықтарында (кавказдықтарда) әлі күнге дейін кездеседі. Кек алуға қойылатын талаптар: теңдей кек алу, кісі өлтірушінің кәмелетке жетуі (кәмелетке толмағандарға қолдануға тыйым салынады), кінәсі нақты, айқын болуы. Кек алуды жақын туыстары орындайды.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Қанды кек

Тайпалық құрылыс кезінде, тайпаның мүлкі мен абырой-намысын қорғаудың әмбебап құралы ретінде қалыптасқан әдет-ғұрып. Қаза табушы ағайындарының, өлтіруші немесе оның туыстарынан кек алу міндеті түрінен құралды. Бұл әдет-ғұрып, кейбір Кавказ және Орта Азия халықтарында бәрінен ұзағырақ сақталды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}ceb:Rido de:Blutrache en:Feud#Blood Feuds/Vendetta eo:Sanga venĝo nl:Bloedwraak nn:Blodhemn os:Туг исыны æгъдау sq:Gjakmarrja sr:Крвна освета sv:Blodshämnd