Карст процестері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жер асты суының геологиялық эрекеті ең алдымен өзі орналасып, солар арқылы қозғалатын таужыныстар мен минералдарды ерітуіне байланысты. Жерасты суының ерітуші қабілеті қысым мен температура артқанда, сонымен қатар құрамында еріген газдар болғанда күшейе түседі. Атап айтқанда, химиялық таза судың әктасты срітетін әрекеті шамалы, ал құрамында көмір қышкыл газы болса судың жемірлігі күрт артады.

Туынды коллектор

Ең жеңіл еритіндерге галит, сильвин, кальцит, доломит, гипс сияқты минералдар жатады. Осындай минералдардан тұратын таужыныстар таралған аудандарда су жарықшақтар мен кеуектерге енеді. Жекелеген минерал түйірлерін ерітеді (шаймалайды) да тесіп өтетін ағындар орнағаннан кейін, оларды еріген күйде алып шығады. Осылайша, жерасты шаймалауы сутірек ретінде қалыптасқан таужыныстарда туынды коллектор жаралауына әкеледі. Туынды коллекторлар жинауыштық қасиеттері бойынша кейде бастапқы коллекторлардан да асып кетеді.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Дереккөздер

<references/> География

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}