Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы (17.12. 1937 жылы туған, Ресей, Орынбор облысы Новоорск ауданы Бұдамша кеңшары) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы (1990), профессор (1996), Қазақстан Ғалымдар Академиясының корр.-мүшесі (1996). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-тін) бітірген (1960). 1960 жылдан Қазақ өсімдік қорғау ин-тында кіші, аға ғылым қызметкер, аспирант, ғылым хатшы, бөлім меңгерушісі болды. 1969 – 76 жылы және 1992 жылдан осы институтын директорының орынбасары. Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктерді (шырша, қарағай, бақтарды қорғайтын екпе ағаштар, бидай, қант қызылшасы, темекі, қытай бұршағы, күнбағыс, мақта және көкөніс) зақымдайтын бунақденелілердің түрлік құрамын зерттеуге арналған. Исмұхамбетов – өсімдіктерді және ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғаудың жүйесін ұсынған алғашқы ғалымдардың бірі. Бірқатар дақылдардың зиянкестері фаунасының қалыптасу заңдылығын, фитосанитарлық жағдайды оңтайландырудың негіздерін анықтаған. Исмұхамбетов техникалық дақылдар мен астық қоймаларын зиянкестерден қорғау жүйесін жетілдіруді басқарады.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Исмұхамбетов Жұмабай Ділмағамбетұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}