Иса Бақытжанұлы Ақбербаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Ақбербаев Иса Бақытжанұлы (11 мамыр 1983, Қостанай, КСРО) — қазақстандық кәсіпқой боксшы, бірінші ауыр салмақта өнер көрсетеді. Бокспен 1998 жылдан бастап шұғылданады.

Кәсіпқой мансабы

Иса кәсіпқой рингте 2009 жылы бірінші ауыр салмақта дебют жасады. Ол жетінші айқасында WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ақбербаев 2013 жылы қаңтарда АҚШ-та жергілікті боксшы Энтони Феррантемен қолғап түйістірді. Ферранте Исаны 10-шы раундта нокаутқа түсірді, десе де кейіннен айқастың нәтижесі өз күшін жойды. Бұл жағдайға американдықтың допинг-тесттен өтпей қалуы себеп болды. Осылайша бұл айқас өтпеген деп жарияланды. 2015 жылдың ақпанында Иса Ақбербаев 1-ші раундта аргентиналық Рубен Анхель Миноны (25-1) нокаутқа түсірді. 2015 жылы маусымда Берлинде ол Global Boxing Council тұжырымы бойынша атағын сәтті қорғады. Бұл жолы ол 37 жасар бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантосты жеңді. Қазылардың есебі: 117-110, 117-110, 116-111 болды<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>. <ref>Үлгі:Cite web</ref> <ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер