Ирпетр Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирпетр Пак - (1912-2001) - 1 мамырда Қиыр Шығыс өлкесі, Янчихэ селосында туған. Мұғалімдер курсынан кейін 1930 — 1937 жж. ұстаздық ете жүріп, 1941 жылы Ленинградтың Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген. Ош, Озген, Фрунзе, Алматы қалаларында мектептерде, жоғарғы оқу орындарында сабақ берген. Аз уақыт Курск пединститутында кафедра доценті болған. 1968 жылдан Қазақ мемлекеттік университеті философия және логика тарихы кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты. Көркем аударма жасаумен де шұғылданды. Корей және орыс тілдерден аударды. Негізгі еңбектері: «Корейские шестистишие» (1956), корей өлеңдерінің жинағы — «Десэнсидиб» (1958), Пак Инно «Пятицветные облака» (1962), Ким Соволь «Цветок багульник» (М., 1962), «Песня над озером» (Лирика Средневековой Корей (М., 1971), «Багульник в степи» (Қазақстан корей ақындарының өлеңдері, 1973), т.б.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}