Ирина Леонидовна Мамаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ирина Леонидовна Мамаева – ресейлік жазушы, драматург, сценарист.

1978 жылы 15 сәуірде Петрозаводск қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген. М. Горький атындағы Әдебиет институтының поэзия бөлімінде оқыған. «Машиностроитель» және «Принежье» газеттерінде жұмыс істейді. Бала кезінен өлең жаза бастап, 1990 жылдары жариялана бастайды. 2003 жылдан бастап прозалық шығармаларын жаза бастайды. 2008 жылы М.А. Волошин атындағы VII Халықаралық әдебиет фестивалінің' қатысушысы. 2006 жылы «Эврика» сыйлығына, 2007 жылы Валентин Распутин сыйлығына ие болады. Шығармалары «Дружба народов», «Наш современник», «Север» журналдарында, «Литературная газета», «Литературная Россия» газеттерінде жарияланады.

Шығармалары

  • «Ленкина свадьба»
  • «Земля Гай»
  • «Бутыль»
  • «С дебильным лицом».

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}