Интернационалист-жауынгерлер ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Интернационалист-жауынгерлер ескерткіші, Тараз қаласындағы Жеңіс бульварында орнатылған. Архитекторлары Б.Мұсаев, С.Дембай, Н.Баекеев. 1998 жылы кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 10 жылдығына және Вьетнам, Сирия, Египет соғыстарына қатысушылардың құрметіне тұрғызылған. Кең ауқымды биік (7 м) параллелипед және үш аласа тумбалар бульвардың осіне жағалай қойылған. Ескерткіш қарақоңыр гранитпен, бұрыш қуысы – ақ мәрмәрмен қапталған да, жоғарғы жағына сталактиттер үйілген. Ескерткіштің алдыңғы бетіне: «Олар бейбіт күннің жарақатынан мерт болды, тағдырлары бөтен соғыста таусылды. Жастардың кінәсі неде еді? Айтыңызшы, не кінәсі бар бұлардың?» деген сөздер бар. Мемориалдық үш тумбаның беттерінде мерт болғандардың аты-жөндері ойып жазылған.<ref>Тараз Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Интернационалист-жауынгерлер ескерткіші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}