Инбер Вера Михайловна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Инбер Вера Михайловна (10. 07. 1890, Одесса, — 11. 11. 1972, Москва) — орыс совет жазушысы, 1943 жылдаң КОКП мүшесі. Одессадағы жоғары әйелдер курсында оқыған. Тұңғыш шығармалары 1910 жылдан бастап жарық көрді. «Қайғылы шарап» (1914), «Ащы рақат» (1917). «Опасыз сөз» (1922) атты алғашқы жинақтарымен Инбердiң eciмi кeңінен мәлiм болды. Оның 30 жылдары жазушылық өpeci биiктей түстi. Инбер — «Аналар одағы» комедиясының авторы. Оның бiрқатар шығармалары көптеген шетел тiлдерiне аударылды. 3 орденмен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 5</ref>

Дереккөздер

<references/>