Иман Дулатұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иман Дулатұлы (1780, бұрынғы Торғай уезі, Дулаттың Қызыл жары – 1847, Қырғызстан, Кекілік тауы, Майтөбе мекені) – батыр, Ресей отаршыларына қарсы көтеріліс қайраткері, Амангелді Имановтың атасы.

Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасының ұзын тармағынан тарайтын кедел руының Бегімбет атасынан. Арғы атасы Қақай, өз әкесі Дулат жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсеткен батырлар болған. Торғай, Жыланшық өзендерінің аңғарын жайлаған. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың Ресейдің отарлау саясатына қарсы он жылға созылған қарулы көтерілісіне Ахмет сұлтан Жантөрин 1838 ж. өз ауылын шапқаннан кейін келіп қосылған. Ол Кенесары жасағының белді ұйтқысы, әскербасыларының бірі болған. Иман батырдың ақыл-парасатын, адалдығы мен әділдігін, өткірлігі мен табандылығын жоғары бағалаған Кенесары оны Ағыбай батыр, Шоқпар шешен, Сайдақ қожа, інісі Наурызбаймен бірге хан кеңесінің мүшесі еткен. Иманның жасақ алдындағы беделін құрметтеп есімін атамай, “Айеке, Көсем көк, Бозжорға” деп атаған. Осы атақтарына сай Иман батыр да ханға берген сертіне адал, дұшпанына қатал бола білген, қашан да хан жасағының ынтымағы мен бірлігін сақтауға күш салған. Иман батыр көтерілісшілердің Ақмола приказына, Көкалажар қамалына, Айдарлы, Байтоқ қоныстарына шабуылдары, Ұлытау, Торғай, Ырғыз далаларындағы ұрыстары кезінде ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. бірқатар қазақ батырлары аттарының басын кері бұрғанда берген антынан таймай, ханмен бірге қырғыз манабы Орманға қарсы Кекілік тауының шығыс беткейіндегі шайқаста, қазіргі Тоқмақ қ-ның маңындағы Майтөбе деген жерде қолға түсіп, қаза тапқан. Осы соғыста Иман батырмен бірге оның туған бауырлары Тауық, Кейкі, Қарауыл және үлкен ұлы Бердәлі де мерт болған. 2000 ж. қыркүйекте Қостанай облысының Амангелді ауданының орталығында Иман батырға ескерткіш орнатылды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иман Дулатұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}