Имандосова Маргарита Болатқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ИМАНДОСОВА Маргарита Болатқызы <ref>Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы</ref> (16.1.1963 жылы туған, бұрынғы Талдықорған, қазіргі Алматы облысы) – техникалық ғылыми докторы (2004), профессор (2007), Құрметті теміржолшы (2006), халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі (2008).

Алматы темір жол көлік инженерлері институтын (1985, қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) бітірген. «Алматыгипротранс» жобалау-іздестіру институтында инженер, жетекші инженер (1985–94), Алматы темір жол көлік инженерлері институтында ассистент, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан, Қазақ көлік және коммуникация академиясы Ақтау бөлімшесінің директоры, оқу-әдістемелік басқармасының бастығы (1994–2009), 2009 жылдан проректоры қызметтерін атқарады. Оның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты – Қазақстан темір жолдарында пайдаланылатын құрама және желімболтты түйіспелердің көрсеткіштерін анықтау және олардың атқаратын жұмыстарын бағалау мәселелері.

ИМАНДОСОВА Маргарита Болатқызы 100-ге жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монография мен 2 патенттің авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Имандосова Маргарита Болатқызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}