Илья Сергеевич Плещеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илья Сергеевич Плещеев (1922, Ресей). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Жер қойнауын барлаудағы құрметті барлаушысы. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Мәскеу геологиялық барлау институтын бітірген (1952).

  • 1952-1962 жылдары – Каспий маңы геологиялық экспедициясының бастығы.
  • 1962-1987 жылдары - Аэрологиялық экспедициясының бас геологы. Оның басқаруымен Маңғыстаудың ауқымды алқаптарының карталары құрастырылған.
  • 1987 жылдан - зейнеткер.

3-дәрежелі «Даңқ», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}