Илья Александрович Ильин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы Үлгі:Медальдар

Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы <ref>Лондон-2012: Илья Ильин стал двукратным чемпионом Олимпиады</ref>. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.

Биографиясы

Отбасы

Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.

Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.

Спорт

Сурет:Ilia iliin.JPG
Илья Ильин

Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.

Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Әлем чемпионаты (2005)

2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Rank Аты-жөні Туған күні Мемлекет Өз салмағы Топ Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин 24.05.1988 Үлгі:KAZ 84.65 A 170 216 386.0
2 Ионг Лю 01.01.1986 Үлгі:CHN 84.35 A 175 210 385.0
3 Асламбек Едиев 04.01.1970 Үлгі:RUS 84.73 A 170 211 381.0
4 Олег Перепеченов 06.09.1975 Үлгі:RUS 82.57 A 175 205 380.0
5 Андрей Рыбаков 04.03.1982 Үлгі:BLR 84.70 B 185 195 380.0
6 Айджун Иан 07.04.1977 Үлгі:CHN 84.28 A 173 205 378.0
7 Вячеслав Ерошов 07.12.1980 Үлгі:KAZ 82.67 A 175 200 375.0
8 Тигран Мартиросян 03.03.1983 Үлгі:ARM 84.07 A 172 202 374.0
9 Валерию Галанчеа 18.11.1980 Үлгі:ROU 84.50 A 165 207 372.0
10 Карол Горчешевский 06.11.1983 Үлгі:POL 84.99 B 165 200 365.0
11 Хосе Оливер Руиз 18.09.1974 Үлгі:COL 83.88 B 155 200 355.0
12 Хектор Баллестерос 18.10.1981 Үлгі:COL 83.55 B 157 195 352.0
13 Ондрей Кутлик 09.09.1976 Үлгі:SVK 84.98 B 155 195 350.0
14 Чад Томас Ваун 11.05.1980 Үлгі:USA 84.98 B 150 185 335.0
15 Октавио Антонио Межиас Хернандес 21.07.1982 Үлгі:VEN 82.82 B 145 186 331.0
16 Али эль Моужоуд 24.07.1982 Үлгі:FRA 80.50 C 148 177 325.0
17 Норберт Цсер 18.01.1985 Үлгі:HUN 83.30 C 148 171 319.0
18 Хуан Карлос Гуитерио 06.02.1983 Үлгі:DOM 82.68 C 141 177 318.0
19 Павел Колосовский 23.08.1981 Үлгі:ISR 84.16 C 140 174 314.0
20 Руслан Рамазанов 10.02.1987 Үлгі:TKM 84.18 C 140 170 310.0
21 Уати Мапосуа 26.07.1976 Үлгі:SAM 83.74 C 137 165 302.0
22 Мансур Режепов 03.01.1982 Үлгі:TKM 79.96 C 135 165 300.0

Әлем Чемпионаты (2006)

Санта Доминго, 94кг

Реті Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин Үлгі:KAZ 175 217 392.0
2 Симон Колецки Үлгі:POL 173 219 392.0
3 Роман Константинов Үлгі:RUS 177 215 392.0
4 Мухама Созаев Үлгі:RUS 176 215 391.0
5 Иоандарис Хернандес Үлгі:CUB 170 216 386.0
6 Константин Пилеев Үлгі:UKR 171 214 385.0
7 Николас Куртидис Үлгі:GRE 173 210 383.0
8 Хосе Хуан Наваро Батиста Үлгі:ESP 170 208 378.0
9 Евгений Братан Үлгі:MDA 170 208 378.0
10 Альберт Кузилов Үлгі:GEO 172 205 377.0
11 Бартоломей Восчиек Бонк Үлгі:POL 170 205 375.0
12 Сантьяго Матринес Үлгі:ESP 170 200 370.0
13 Миранда Хоел Сотолонго Үлгі:CUB 165 201 366.0
14 Юрген Спиес Үлгі:GER 165 200 365.0
15 Мохамад ел Нагар Үлгі:EGY 155 206 361.0
16 Ли Унгджо Үлгі:KOR 160 200 360.0
17 Теймурази Гогиа Үлгі:GEO 160 197 357.0
18 Ангел Давид Даза Тапиа Үлгі:VEN 150 205 355.0
19 Константинос Пападопулос Үлгі:GRE 155 200 355.0
20 Андрей Мельник Үлгі:UKR 156 193 349.0
21 Рене Хорн Үлгі:GER 146 200 346.0
22 Ондрей Кутлик Үлгі:SVK 150 195 345.0
23 Сутифон Ватанакасим Үлгі:THA 157 187 344.0
24 Юки Хираока Үлгі:JPN 150 191 341.0
25 Кунчай Начпум Үлгі:THA 150 190 340.0
26 Джефрей Уиттмер Үлгі:USA 148 190 338.0
27 Юрий Галкин Үлгі:KAZ 145 187 332.0
28 Осаму Мизута Үлгі:JPN 140 189 329.0
29 Мантас Звирблис Үлгі:LTU 145 182 327.0
30 Атилла Кисс Үлгі:HUN 148 178 326.0
31 Энтони Мартин Үлгі:USA 147 179 326.0
32 Хуан Хименез Үлгі:DOM 142 172 314.0
33 Нургелді Горганов Үлгі:TKM 140 162 302.0
34 Луиджи Грандо Үлгі:ITA 130 166 296.0
35 Давид Ниевес Үлгі:PUR 130 150 280.0
36 Нельсон Гатика Үлгі:CHI 120 145 265.0

Пекин Олимпиадасы (2008)

Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.

Нәтижесі

Ауыр атлетикадан 94кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг бағындырып аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.

# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1. Илья Ильин Үлгі:KAZ 180 226 406
2. Симон Колецки Үлгі:POL 179 224 403
3. Хаджимурат Аккаев Үлгі:RUS 185 217 402
4. Арсен Касабиев Үлгі:GEO 176 223 399
5. Низами Пашаев Үлгі:AZE 181 215 396
6. Иоандрис Эрнандес Үлгі:CUB 178 215 393
7. Асгар Эбрахими Үлгі:IRI 180 212 392
8. Роман Константинов Үлгі:RUS 387

Әлем чемпионаты (2011)

Үлгі:Main

# Аты-жөні Мемлекет Жұлқа көтеру Серпе көтеру Қорытынды
1 Илья Ильин Үлгі:KAZ 181 226 407
2 Артем Иванов Үлгі:UKR 186 221 407
3 Саид Мохамадпоуркаркарах Үлгі:IRI 181 221 402
4 Александр Иванов Үлгі:RUS 186 215 401
5 Руслан Нурудинов Үлгі:UZB 177 221 398
6 Андрей Деманов Үлгі:RUS 178 220 398
7 Ким Мин-Жае Үлгі:KOR 182 214 396
8 Анатолий Чирицу Үлгі:MDA 175 220 395
9 Интигам Заиров Үлгі:AZE 177 215 392
10 Ауримас Диджбалис Үлгі:LTU 173 216 389
11 Константин Пилеев Үлгі:UKR 170 211 381
12 Арсен Касабиев Үлгі:POL 170 210 380
13 Александр Макаранка Үлгі:BLR 170 208 378
14 Камачали Ашгар Ибрахими Фарбод Үлгі:IRI 175 201 376
15 Давид Хуркуле Матам Матам Үлгі:FRA 170 202 372
16 Ибрахим Арат Үлгі:TUR 165 206 371
17 Силвестор Колецки Үлгі:POL 169 202 371
18 Давид Кавелашвили Үлгі:GRE 165 200 365
19 Хосе Хуан Наваро Батиста Үлгі:ESP 162 200 362
20 Эндри Карина Үлгі:ALB 160 195 355
21 Хербис Маркиз Үлгі:VEN 157 196 353
22 Жасурбек Жумаев Үлгі:TKM 163 188 351
23 Гиасиддин Ахмедов Үлгі:UZB 154 197 351
24 Христос Салстидис Үлгі:GRE 160 186 346
25 Бенедикт Улоко Үлгі:NGR 147 196 343
26 Симлис Рибоем Үлгі:AUS 150 190 340
27 Юки Хираока Үлгі:JPN 150 190 340
28 Давид Катоатау Үлгі:KIR 143 195 338
29 Джарел Давид Флеминг Үлгі:USA 152 183 335
30 Даду Мали Чандракант Үлгі:IND 148 176 324
31 Николас Робертс Үлгі:CAN 143 180 323
32 Роберто Карлос Росадо Круз Үлгі:PUR 135 185 320
33 Хернан Виера Үлгі:PER 120 160 280

Лондон Олимпиадасы (2012)

Үлгі:Main

Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртігші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.

Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.

Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді <ref>Невероятное достижение Ильи Ильина</ref>.

Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты <ref>Руки штангиста. Александр Иванов стал серебряным призером игр в Лондоне, уступив только терминатору по имени Илья Ильин, 6 тамыз 2012 жыл</ref>.

Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды:<ref>Лондон Олимпиадасының ресми сайты, Ауыр атлетика қорытындысы, Ерлер, 94 кг</ref>. Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді <ref>Казахстанец Илья Ильин: Если б не русские ребята, не видать мне мирового рекорда!</ref>

# Аты-жөні Елі Жұлқа көтеру Серпе көтеру Жалпы қорытынды
1. Илья Ильин Үлгі:KAZ 185 233 418
2. Александр Иванов Үлгі:RUS 185 224 409
3. Анатолий Чирицу Үлгі:ROM 181 226 407
4. Андрей Деманов Үлгі:RUS 182 225 407
5. Мохамадпоуркаркарах Саид Үлгі:IRI 183 219 402
6. Интиқам Заиров Үлгі:AZE 182 215 397
7. Алмас Өтешов Үлгі:KAZ 175 220 395
8. Ким Мин Жае Үлгі:KOR 185 210 395
9. Томаш Бернард Зеленский Үлгі:POL 175 210 385
10. Александр Макаранка Үлгі:BLR 175 209 384
11. Норайар Варданян Үлгі:ARM 170 210 380
12. Константин Пилиев Үлгі:UKR 166 206 372
13. Давид Кавиашвили Үлгі:GRE 170 200 370
14. Ендри Карина Үлгі:ALB 155 195 350
15. Аббас Алқайсум Үлгі:KSA 155 180 335

Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.

Рекордтар Жұлқа көтеру Үлгі:Flagathlete 188 кг Афина, Грекия 27 Қараша 1999
Жұлқа & Серпе Үлгі:Flagathlete 232 кг София, Болгария 29 Сәуір 2000
Жалпы Үлгі:Flagathlete 412 кг Афина, Грекия 27 қараша 1999
Олимпиада рекорды Жұлқа көтеру Үлгі:FlagIOCathlete 187 кг Сидней, Австралия 24 қыркүйек 2000
Жұлқа және Серпе көтеру Үлгі:FlagIOCathlete 226 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008
Жалпы Үлгі:FlagIOCathlete 406 кг Пекин, Қытай 17 тамыз 2008

Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды <ref>Аким Кызылординской области вручил Илье Ильину и его тренерам сертификат на 75 млн теңге</ref>.

Мемлекеттік марапаттар

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер