Иксанов Мұстахым Біләлұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Саясаткер Иксанов Мұстахым БіләлұлыҚазақстанның партия, совет қайраткері. 1951 жылдан КПСС мүшесі.

Қызмет жолы

Алматы темір жолы техникумын (1945 жылы), Қазақ ауыл шаруашылық институның су – техникалық факультетін бітірген. 1952 – 58 жылы Алматы қаласы Фрунзе ауданы комсомол комитетінің 1 – секретары және Жетісай құрылысы басқармасының прорабы, өндірістік – техникалық бөлімінің бастығы. 1958 – 61 жылы Қазақтың Бетпақдала ирригация құрылысы тресінің бастығы. Иксанов су – техникалық және ирригациялық құрылыстар саласының маманы рнетінде Қазақстанның күріш және мақта өсіретін аудандарының дамуына зор үлес қосты.

1961 – 62 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ильичев ауданы партия комитетінің 1 – секретары. 1962 – 63 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы. 1963 – 66 жылы Қазақстан КП Қызылорда облысы комитетінің 1 – секретары. 1966 – 70 жылы Қазақстан ССР Министрлер Советі председателінің орынбасары. 1970 – 71 жылы Қазақстан КП Жамбыл облысы комитетінің 1 – секретары. 1971 жылдан Қазақстан КП ОК – нің секретары. 1966 жылдан Қазақстан КП ОК – нің мүшесі, 1971 жылдан Қазақстан КП ОК бюро мүшесі. КПСС 23, 24 – съездерінің делегаты. 1971 жылдан КПСС Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі.

7 – 8 сайланған Қазақстан ССР Жоғары Советінің депутаты. Қазақстан ССР – нің еңбек сіңірген құрылысшысы (1961 жылы).<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер