Икрам Адырбекұлы Адырбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Икрам Адырбекұлы Адырбеков (8.7.1950 ж. т., Өзбекстан, Ташкент облысы, «Қызыл әскер» ауылы) – мемлекет қайраткері, дипломат, 1-дәрежелі Төтенше Өкілетті Елші (2000), экономика ғылымдарының докторы (1995).

Алматы мал дәрігерлік институтын (1972), Қазақстан КСР Ғылым Академиясының Эксперименттік биология институтының аспирантурасын (1976), Менеджмент және маркетинг институтын (1995), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекет қызмет академиясын (1999) бітірген. 1972 – 79 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы эксперименттік биология институтының өтілгер-зерттеушісі, аспиранты, кіші ғылыми қызметкері, 1979 – 83 жылы Шымкенттегі «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінің аға ғылым қызметкері, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1983 – 85 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы парткомының ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, осы облыстың «Бөржар» кеңшарында партком хатшысы, 1985 – 88 жылы «Қаракөл» ғылым-өндірістік бірлестігінде бөлім меңгерушісі, 1988 – 89 жылы «Қазқаракөл» республикалық ғылым-өндірістік бірлестігі төрағасының орынбасары, 1990 – 92 жылы «Қазақжабағықаракөл» республикалық өндірістік-коммерцемиялық концернінің президенті, 1992 – 93 ж. «Қазагросыртқысауда» экономика қауымдастығының бас директоры, 1993 – 96 жылы «Агросауда» мемлекет сыртқы сауда акционерлік компаниясының және «Агросауда» акционерлік қоғамының президенті, 1996 – 97 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары – Бас қаржылық-әкімшілік басқармасының бастығы, 1997 – 2002 жылы Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы, сонымен қатар 1998 – 2004 жылы Қазақстан Республикасының Эстон Республикасындағы, 2002 – 2004 жылы Малайзия еліндегі, сонымен қатар 2003 – 04 жылы Индонезия, Филиппин, Бруней мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2007 жылы Қызылорда облысы әкімі. 2007-2011 жылы Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасы, сондай-ақ Вьетнам Социалистік Республикасы және Корей Халықтық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2011 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде тағайындалған. Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы. Бірнеше медальдармен, Литва Республикасының «Великого князя Гедеминаса 3 степени» орденімен марапатталған.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер