Изим Искәндеров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Изим Искәндеров -(1906-1970) Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават селосында туған. Ол 1920 жылға дейін өз ауылында, кейін Алматы және Ташкент қатарында оқыды. Көп жыл мұғалім болды, баспасөз органдарында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді.

Жыр жолында жемісті еңбек етіп, көптеген шығармалар жазды.

Ақынның жеті жинағы және «Ұйғыр қызы», «Хан тәңірі», «Гудок» поэмалары жарық көрді. Аудармамен де айналысқан. Татар ақыны Ғабдолла Тоқай, қазақ ақыны Тайыр Жароков, т.б. ақындар шығармашылығын ұйғыр тіліне аударуға атсалысты.

«Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мүғалімі» атағы берілген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}