Иеремия Бентам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бентам Иеремия (1748-1832) - утилитаризм теориясының негізін қалаушы.

Еңбектері

"Заң шығару принциптері", "Өкімет туралы үзінділер", "Деонтология не мораль туралы ғылым" және т.б. Утилитаризм латын тілінен аударғанда пайдалылық дегенді білдіреді.

Утилитаризм

Утилитаризм негізіне төрт қағида жатты:

  1. Адам қызметінің мәні - рахат көру және азап көрмеу;
  2. Барлық қүбылыстардың негізгі шешімі пайда¬лылық, кез келген міндетті шешу қүралы;
  3. Мәдениеттілік көп адамға бақытқа жетуге бағыт береді;
  4. Адамзат дамуының мақсаты - жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігін қалыптастыру арқылы ортақ пайдаға жету.

Либерализмнің негізі

Либерализмнің негізі - жеке түлғаның еркіндігі, қызмет кеңістігінің автономдығы, индивидтің жеке қалыптасуы. Бентам Иеремия жеке адамның еркіндігі туралы емес, жеке түлғаның мүдделері мен қауіпсіздігі туралы сөз етеді. Адам өзіне қамқорлық жасауы керек, ешкімнің сырттан көмегіне сенбеуі, немесе күтпеуі қажет. Тек өзі ғана өз мүддесін анықтап, оның пайдалылығын шешуі тиіс. Индивидтерге қысым көрсетпеу керек. Мемлекеттік билікті үйымдастыруда Бентам Иеремия демократиялық позиңияда түрды. Ол монархия мен мүрагерлік аристократияны сынға алды. Ол мемлекеттің республикалық қүрылымын қолдады. Бірақ биліктің үш тармағының (заң шығарушы, орындаушы, сот) жеке-жеке өмір сүруіне қарсы болды. Ол билік тармақ-тарын біріктіруді қолдады. Бентам Иеремия көзқарасы түрғысынан тек мемлекеттік билікті емес, барлық саяси жүйені демократияландыру қажет. Осыған байланысты сайлау қүқын кеңейтуді үсынды. Ол демократия институттарын (еркін баспасөз, ашық жиналыстар, қоғамдық пікірталастар) енгізу арқылы заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін бақылау жеңіл болады деп сенді. Олардың пікірінше, Үкіметтің мақсаты - ең алдымен, мемлекеттің қол астындағылардың меншігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни негізгі қызметін қорғау. <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иеремия Бентам|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}