Игеру барысындағы геологиялық-кәсіптік зерттеулер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Игеру барысындағы геологиялық-кәсіптік зерттеулер. Өндіріс нысанын игеру барысында жүргізілетін зерттеулер мен әрекеттер жиынтығы. Бұларға жататындар: бұрғылау ұңғымаларының бүкіл категорияларын бұрғылау шараларын қатаң бақылап отыру; игеру нысанының геологиялық құрылысын түбегейлі зерттеу; қойнауқаттардың сыйымдылық-сүзбелеушілік параметрлерін нақгылы әдістер көмегімен анықтау; қажет болған жағдайда, мұнай мен газ қорларын нақтылау; ұңғымалар жұмысын және бүкіл нысанның барша көрсеткіштерін, жатынның термодинамикалық жағдайларындағы өзгерістерді, мұнайдың, судың, газдың қойнаулық және беткейлік жағдайлардағы физикалық-химиялық қасиеттерін қадағалап отыру; қорларды өндіріп алуды бақылау, жатынды игеру жағдайын бағалау және оны одан әрі жетілдіру жайындағы ұсыныстарды негіздеуге қатысты геологиялық зерттеулердің нәтижелерін кешенді түрде тұжырымдау мақсатында ұңғымалар мен қойнауқаттардың сумен тоғытылуын қадағалап отыру.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}