Иван Федорович Беляков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Беляков Иван Федорович (30.8.1926, Алматы облысы ,Еңбекшіқазақ ауданы,Есік қаласы - 24. 04.1993, Алматы қаласы) - 2-дүние- жүзілік соғысқа қатысушы, станокты пулемет нысанашысы, қатардағы жауынгер, кейіннен ага лейтенант. Орыс 1-Беларусь майданы 61-армия 12-гвардиялык атқыштар дивизиясы 37-гвар-диялық атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы 17 сәуірде полк жауынгерлері арасынан алғашқылардың қатарында Одер (Одра) өзенінен (Германия, Врицен қаласының маңы) өтіп, бірнеше отты нүктені жойды әрі басып алған плаццармды ұстап қалды. Беляковқа ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.5.1945). Соғыстан кейін Алматы қаласында тұрып, сонда еңбек етті. 1951 жылы Алматы қаласындагы ІІМ жанындағы оперативті қызметкерлерге арналған мектепті бітірді. 1954 жылы ага лейтенант Беляков запасқа шықты. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Федорович Беляков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}