Иван Трофимович Пупашенко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Трофимович Пупашенко (1907, Ресей, Воронеж облысы Лосив ауданы Перебой с.) – Социалистік Еңбек Ері (1966).

Республика партия мектебін бітірген (1950). 1929 – 32 жылдары Жамбыл облысы Жамбыл атындағы ұшымшарда суармалы егін бригадасының бригадирі, 1933 – 41 жылдары Шымкент, кейін Жамбыл облысы Жуалы ауданында аға агроном, 1942 – 45 жылдары Жуалы және Мақтaарал аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Сарыағаш ауданы, 1950 жылдары Арыс ауданы партия комитетінің хатшысы және Арыс-Түркістан су құрылысының бастығы, 1961 жылдан Карл Маркс атындағы мақта кеңшарының басшысы қызметтерін атқарды. Мақта дайындауда жоспарды асыра орындады. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы 1966 жылдары 30 сәуірдегі Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағын берді. ауылы шаруашылығын өркендетудегі еңбегі үшін 2 Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және 2 медальмен марапатталған.<ref>"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}