Иван Тимофеевич Пак

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Пак Иван Тимофеевич (13.9. 1930 ж. туған, Ресей, Приморье өлкесі, Буденный ауданы) – компьютерлік арифметика саласының маманы, техникалық ғылымының докторы (1988), профессор (1991), Қазақстан ғылым мен техникасына еңбек сіңген қайраткер (1995). ҚазҰУ-ды бітірген (1954).

  • 1949 –1954 ж. мектеп мұғалімі
  • 1954 – 65 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Президиумының жанындағы Машина және есептеу математикасы лабораториясында қызмет атқарады
  • 1965 – 1990 ж. Математика және механика институтында ғылыми және басшылық қызметтер атқарған
  • 1990 – 1994 ж. ҚР ҰҒА-нда ғылыми және басшылық қызметтер атқарған.

Ғылыми еңбектер

Негізгі ғылыми еңбектері қалдықтар кластары жүйесінде комплекс сандарды бөлінбейтін объектілер түрінде қарастырып ақпаратты өңдеу және қатеге тұрақтылығы мен дәлдігін қамтамасыз ететін жаңа техникалық шешімдер жасауға негізделген. Ол бірінші болып компьютерлік комплекс сандар арифметикасын жасады. Осының нәтижесінде алгебралық идеяларды пайдаланып, қатеге тұрақты параллель алгоритмдер жасап, таблица түрінде іске асырды. Осы саладағы жасаған жұмыстары шет елдердің (АҚШ, Жапония, Франция, Англия,Италия) патенттерімен расталды.

  • Ол 140 ғылыми еңбектің, оның ішінде 20 авторлық куәлік пен патенттердің, 5 монографияның авторы.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>.

Шығармашылығы:

  • Основы машинной арифтметики комплексных чисел, А., 1970 (соавт.)
  • Параллельные вычисления в комплексной плоскости, А., 1984 (соавт.)
  • Промышленная математика, А., 1997 (соавт.)

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Тимофеевич Пак|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}