Иван Иванович Моор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Иван Иванович Моор.JPG
Иван Иванович Моор

Иван Иванович Моор (1947 жылы туған, қазіргі Бұланды ауданы Карамышевка ауылы) — журналист, қоғам қайраткері. Журналистік қызметін Макинск ауданы «Ленин жолы» газетінде бастады. 1972 жылы облысы «Ленин туы» (Петропавл) газетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшының орынбасары, 1983 – 93 жылдары неміс тілінде шығатын республикалық «Фройндшафт» газетінің меншікті тілшісі, жауапты хатшысы, 1993 жылдан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. «Солтүстік Қазақстан» ЖШС баспасын құрды және директоры қызметін атқара жүріп, облыстық «СҚ апталығы», «Кеш жарық», «Бәріміз бірге!» атты газеттерін, кітаптар, альбомдар, т.б. полиграфия өнімдерін шығаруды ұйымдастырды. 1993 жылдан Қазақстан Журналистер одағының облыстық ұжымын басқарады.

Үй жағдайы

Үйленген. Жұбайы - Надежда Павловна, экономист. Ұлы - Сергей, полиграфшы. Немересі - Валерий, оқушы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> 2. «Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Иванович Моор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}