Иван Евгеньевич Ерофеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Евгеньевич Ерофеев (8 қазан 1934 жылы туған, Ресей, Пермь қаласы) – техника ғылымдарының докторы (1982), профессор (1985), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кеншісі.

Қазақ тау-кен металлургия институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Зырян қорғасын комбинатында және Лениногор полиметалл комбинатында тау-кен шебері, телім бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер, тәжірибелік-зерттеу цехының бастығы (1956–75), Қазақ КСР-і Түсті металлургия министрлігіндегі Ғылым және жаңа технология басқармасы бастығының орынбасары (1975–83), Қазақ политехникалық институтының (1983–88, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор (1988–93) болып істеді, ал 1993 жылдан Қазақ ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры қызметін атқарады.

1981 ж. «Управление качеством и эффективностью отбойки руды скважининными зарядами на подземных рудниках цветной металлургии» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Оның негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері тау жыныстарын қопару жұмыстарының сапасын жақсартып, тиімділігін арттыруға арналған. Ерофеев 205 ғылыми-зерттеу еңбектің, оның ішінде 25 анықтамалықтар мен монографиялардың («Повышение эффективности буровзрывных работ на рудниках», 1988), 36 өнертабыстың авторы. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иван Евгеньевич Ерофеев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}