Иван Васильевич Кулагин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Васильевич Кулагин (6.10.1897, қазіргі Томск облысы Томсқ ауданы - 30.4.1959, Алматы) - трубашы, кәсіби музыка білімінің негізін салушылардың бірі. Санкт-Петербург консерваториясын бітірген (1918). 1935 - 42 жылдары Алматы музыкылық-драма техникумы (қазіргі Алматы муз. учлилщесі) оқу бөлімінің меңгерушісі. 1942 - 44 жылдары Қазмузхоркомбинатының, 1944 - 46 жылдары Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория») директоры (1951 - 57 жылдары ректоры, 1955 жылдан профессор). Сонымен қатар 1944 - 59 жылдары осы консерваторияда оқытушы (труба класында) болды. 1936 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Алғашқы қазақша сольфеджио оқулығының (1955), труба мен форте-пьяноға арналған 2 пьесалар жинағының (қазақ әндері тақырыбына) авторы. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}