Иван Алексеевич Куратов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Куратов Иван Алексеевич (19. 07. 1839, Кебра, қазіргі Коми ACCP-i, Куратово селосы — 29. 11. 1875, Верный, қазiргi Алматы қаласы) — коми жазушысы, тiл маманы, демократ–ағартушы. Коми әдебиетінің және әдеби тiлiнiң негiзiн салyшы. Вологда дiни семинариясын бiтiрген. 1860 жылы алғаш мұғалім болып, 1866 жылдан өмірінің соңғы күніне дейiн Жетiсуда әр түрлi әскери қызмет атқарды. Қазақтармен тығыз байланыста болды. Қазақ әндерін жинады. Куратов өлеңдерiнде өз мақсатын, халқының ауыр тұрмысын («Менің Музам», «Диуана», «Кедей жігіт»), еңбекші шаруалар бейнесiн суреттеп, кулак, чиновник, поп, монахтарды мысқылдайды. Ол Батыс және Шығыс классиктерiнiң шығармаларын коми тiлiне аударды. Коми тiлiнiң грамматикасын жасады. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>