Иван Адамович Сауэр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Адамович Сауэр - 1958 жылы 11 тамызда Ақмола облысы Целиноград ауданының Ақмол ауылында туған. Неміс.

Әкесі - Сауэр Адам Иванович, марқұм, механизатор болып жұмыс істеген. Анасы - Сауэр Апьвина Григорьевна, зейнеткер.

Целиноград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін бітірген (1980), инженер-механик. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (2002). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Дән кешеніндегі интеграцияланған құрылымдардың шаруашылық етуінің ұйымдастыру-экономикалық механизмі». С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры (2008 жылдан). «Хорошо работать - достойно жить» кітабының; 8 ғылыми еңбектің; 20-дан астам жарияланымның; 1 патенттің авторы.

Орыс және неміс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).

1980 жылдан - Целиноград облысы Целиноград ауданының «Красный флаг» кеңшарында тракторлық-егіншілік бригаданың бригадирі, 1985 жылдан - кеңшардың бас инженері. 1987 жылдан бері - «Родина» кеңшарының директоры (қазір - «Родина» агрофирмасы» ЖШС). Целиноград облыстық Халық депутаттары кеңесінің (1989-1993), Ақмола облыстық мәслихатының (1999-2004) депутаты. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің түлектер клубының мүшесі, қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

А.И. Бараев атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (2008). «Достық» (1996), «Шапағат» (2000), «Парасат» (2005) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Астананың Южылдығы» (2008) медальдарымен; білім беру саласындағы меценаттығы үшін күміс медальмен (2008); грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған. Ауыл тұрындарының рухани және адамгершілік тәрбиесіне қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет министрлігі сыйлығының иегері (2005). Білім беру ісінің үздігі (1998).

Әскери атағы - запастағы полковник.

Діни көзқарасы - атеист.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген республика».

Хоббиі - жұмыс.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Сауэр Л.И. (1960 ж. т.), кітапханашы. Қыздары - Сауэр Елөна (1981 ж. т.), Сауэр Инна (1988 ж. т.) <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub