Ибрагим Баймуратұлы Еділбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Ибрагим Баймуратұлы Еділбаев 1933 жылы 3 наурызда Қызылорда облысы Сырдария ауданының №11 ауылында туған. Техника ғылымдарының докторы. Халықаралық минералдық ресурстар академиясының академигі.

Қызмет жолы

  • Қазақ кен-металлургия институтын (1956) бітірген, тау-кен инженері; КСРО Халық шаруашылығы академиясының Мәскеу халық шаруашылығын басқару институтын (1979) бітірген.
  • 1956 жылдан - «Текелі» кенішінің ауысым шебері, учаске бастығы, кеніш бас инженерінің орынбасары, 1961 жылдан - «Көксу» кенішінің бастығы, 1966 жылдан – Текелі қорғасын-мырыш комбинатының директоры.
  • 1974 жылдан - ҚазКСР түсті металлургия министрінің орынбасары.
  • 1981 жылдан- Қазақстан Компартиясы ОК ауыр өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі.
  • 1987 жылдан - ҚазКСР Жергілікті министрлігінің министрі.
  • 1991 жылдан - «Қазжерөнеркәсіп» республикалық концернінің президенті.
  • 1993 жылдан - «Қазжеримпэкс» фирмасының директоры, «Қазхром» ТҰК Президентінің кеңесшісі.
  • 1997 жылдан - «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің» президенті.
  • 1999 жылдан - «Қазхром» ҰАК» ААҚ вице-президенті.
  • 2001 жылдан - Еуразия енеркәсіп қауымдастығының вице-президенті.
  • 2007 жылдан бері - «ЕЫГСС Қазақстан» компаниясының техникалық дамыту жөніндегі вице-президенті.

Еңбектері

  • «Тау-кен инженерінің естелігі» (2003),
  • «Қайта өркендеу» (2004) кітаптарының,
  • 60-тан астам ғылыми еңбек пен мақаланың авторы.
  • 46 өнертабысы, оның ішінде 5 патенті бар (1995-2001).
  • Тур (1999), Алексеев (2000) кен орындарының ізашары.

Қоғамдық қызметі

  • 10-11 шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
  • «Кімнің кім екені» халықаралық клубының (Вашингтон қ., 2007) мүшесі.
  • ҚР Минералдық ресурстар академиясы төралқасының мүшесі.
  • ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі (2001 жылдан).

Марапаттары

  • «Құрмет белгісі» (1966),
  • Еңбек Қызыл Ту (1971),
  • «Құрмет» (2001),
  • «Барыс» (2007) ордендерімен,
  • 5 медальмен (1975-1993),
  • «Ұлы Отан соғысының ардагері»,
  • 1-ші дәрежелі «Кенші даңқы» белгілерімен,
  • ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
  • «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері.
  • КСРО Құрметті кеншісі.
  • Текелі қаласының Құрметті азаматы<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>.

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}