Зәуірбекова Бәтима Есмұратқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зәуірбекова Бәтима Есмұратқызы (29.9.1946 жылы туған, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурманов ауылы) – суретші. Алматы көркемсурет училищесін (1969), Алматы мемлекеттік университетін (2001) бітірген. Алғаш “Жіп иіруші” (1972), “Қодық” (1972), “Керуен” (1973), “Көктем” (1974), “Сазды әуен” (1975) гобелендері арқылы танымал болды. “Байтақ дала” (1976), “Дала аруы” (1979), “Мәңгілік өнер” (1982) туындылары астарлы философия мазмұнымен ерекшеленеді. “Күй” (1978), “Жастық” (1979), “Тоқымашы”, “Кешкі саз” (1982) шығармалары ұлттық гобелен өнеріндегі жаңа принциптерді қолданудың озық үлгісі болып тарихта қалды. Сызба, кескіндеме өнері тәсілдерін біріктіру және түрлі түстердің өзара үйлесімін табу шеберлігі суретшінің “Қыс”, “Көктем”, “Жаз” және “Күз” гобелендерінен (1984 – 86) анық байқалады. Зәуірбекова басқа шеберлермен бірлесіп, “Қазақстан” қонақ үйіне қойылған “Қазақстан шұғыласы” атты монументтік гобеленді (1977 – 78; Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы, 1980) жасауға қатысты. Жарық пен сәулені шарпыстыру әдісі арқылы бейнені көлемді түрде көрсету мақсаты “Жер-ана” монументті панносында ұтымды орындалған. Зәуірбекова еңбектерінің жеке көрмесі Францияда, Швецияда, Түркия, т.б. елдерде өтті. Суретші туындыларының түпнұсқасы Қазақстанның Орталық өнер мұражайына және Астана мұражайына қойылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}