Зоя Сергеевна Кедрина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зоя Сергеевна Кедрина (31.8.1904, Ресей, Мәскеу қаласы – 1998, сонда) – аудармашы, филология ғылымының докторы (1974).

  • 1981 жылы Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
  • 1974 жылы Қарақалпақстан АКСР-інің еңбек сіңіргенғыл. қайраткері.
  • 1938 жылы Мәскеу әдебиет институтын бітірген.
  • 1931 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Алматыдағы Ұлттық орталық кітапханада қызмет істеді.

Зерттеулері

М.О.Әуезов, І.Жансүгіров, т.б. жазушылардың еңбектерін зерттеп, алғашқы аударма, ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. Жансүгіровтің «Дала» поэмасын, Б.Майлин, Т.Жароков, т.б. ақындардың өлеңдерін аударып, Мәскеуде шыққан «Қазақстан» атты жинақта, «Сибирские огни» журналында бастырды. Абай шығармараларын, Жансүгіров поэзиясы туралы мақалалар жазып, «Октябрь», «Әдебиет майданы» журналдарында жариялады. Кейін Мәскеуге қоныс аударып, «Новый мир», «Октябрь» журналдары мен «Литературная газета» редакцияларында, Мәскеу мемлекеттік университетінде қызмет істеді. КСРО ғылым академиясының, 1957 Әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.

Кедринаның қатысуымен «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1958-1960), «Қазақстан мен Орта Азия халықтары әдебиеттерінің тарихы» (1960), көп томдық «Көп ұлтты кеңес әдебиетінің тарихы» (4 т., 1971) орыс тілінде басылып шықты. Кедрина 20 ғ-дың 30-жылдарынан бастап қазақ әдебиетінің сан алуан мәселелерін зерттеп, үзбей жазып отырды. «Абай жолы» эпопеясының орыс тіліндегі басылымдарын (1958, 1965) аударуға көмектесіп, оларға алғы сөз жазды. Әуезовтің 5 томдық таңдамалыларын (1973–74), «Шатқалаң» «Өскен өркен», т.б. туындыларын орыс тілінде бастырып шығаруға ат салысты. «Қазақ даласының жырлары» антологиясын (М., 1951) құрастырып, кіріспе жазды, редакторлық етті. Жамбыл Жабаевтың «Таңдамалыларына» (М., 1954) алғы сөз жазды, А.Жұбановтың «Ғасырлар пернесі» монографиясының (1958) редакторы болды. Оның қаламынан көптеген монографиялар, зерттеу еңбектер туды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зоя Сергеевна Кедрина|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}