Зоя Викторовна Ким

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Зоя Викторовна Ким 1951 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында туған. Корей.

Әкесі - Ким Виктор Вячеславович, композитор, скрипкашы. Анасы - Пак Екатерина Николаевна, әнші, актриса. Ленинград су көлігі институтының инженерлік-экономикалық факультетін бітірген (1975), инженер-экономист. Орыс және корей тілдерін білөді.

1972 жылдан - Череповецкий өзен портында қабылдаушытапсырушы. 1973 жылдан - Ленинград өзен портында тальман. 1975 жылдан - «Ленгипроречтранс» инженер- экономисі. 1979 жылдан - Ленинград кеме жөндеу зауытында инженер-экономист.

1981 жылдан бері - Республикалық корей музыкалық комедия театрында солистокалшы, 2007 жылдан - театрдың труппа меңгерушісі.

Оған: Хан Диннің, музыкасы Э. Богушевскийдің «Приключения зайца»; Г. Канның, музыкасы Э. Богушевскийдің «Брат Жень-Шень, выходи!»; Тхай Дян Чунның, музыкасы Э. Богушевскийдің «Сказание о Хын Бу»; Цай Еннің, музыкасы П. Юнның «Сказание о девушке Сим Чен»; А. Кимнің, музыкасы П. Юннің «Плач кукушки»; М. Пактің, музыкасы Я. Ханның «Пока не рассеется туман»; Цай Еннің, музыкасы Я. Ханның «Гецу и Дикне»; Ен Сен Неннің, музыкасы В. Стригоцкий мен В. Кимнің «Колокола из ада» және т.б. спектакльдеріне арнап бас музыкалық партиялардың фо- нограммалары жазылған.

Реж. А. Миттың «Шаг» фильміне («Мосфильм», 1992), «Город мечты» сериалына («Алдонгар продакшн» студиясы, 2009) түскен.

КСРО, Қазақстан, Ресей, Қорея, АҚШ, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде гастрольдік сапарда болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2002) марапатталған. ҚР Еңбегі сіңірген әртісі (1996). Діни көзқарасы - христиан діні. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі - кітаптар оқу, музыка, тоқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - В. Пикуль, О. Генри, И. Ильф пен Е. Петровтың шығармалары.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Кан Александр Алексеевич, балет әртісі. Қызы - Плохова Анна Юрьевна.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}