Зервахун Тохтахунұлы Молтов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Молтов Зервахун Тохтахунұлы — баспагер, 1940 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дубун селосында туған. 1964 жылы Абай атындағы қазақтың педагогикалық институтын қазақ мектебіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Әскери борышын өтеп келген соң жалпы білім беретін мектепте мамандығы бойынша пән мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, одан әрі директорлық қызметтерге дейін атқарған. 1980-2001 жылдар аралығында қазіргі "Мектеп баспасы" ЖШС-ында ұйғыр редакциясында меңгеруші болды. 3.Молотов — 5-сыныпқа арналған ұйғыр әдебиетінің авторы, сонымен қатар бірнеше оқу құралдарының орысша-ұйғырша-қазақша сөздік тілашардың және ондаған оқулықтың аудармашысы.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}