Зейнұр Қоспақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоспақов Зейнұр (Зайнақұл) (20.12.1932 жылы туған, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылы) - музыкатанушы, фольклортанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты (1968).

Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1957), оның аспирантурасын (профессор А.Жұбановтың жетекшілігімен) бітірген (1964). Сол жылдан Әдебиет және өнер институтындағы музыка бөлімінің ғылым қызметкері. Қоспақов ұлттық музыка өнерінің тарихы мен теориясына байланысты жазылған елеулі еңбектерімен белгілі. Қоспақов "Әнші тағдыры" (1971), "Жаяу Мұса" (1977), "Қазақтың музыка фольклоры" (1982), "Қазақ музыкасының тарихнамасы" (1986), "Ақсиса" (1985), "Сыр тартсақ тарихынан әншіліктің" (1996), "Қазақ әншілік дәстүрі" (1998), т.б. зерттеу еңбектерінің, музыка-этнография жинақтардың авторы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}