Зейнолла Бөлекбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зейнолла Бөлекбаев 1932 жылы Гурьев облысының Доссор кентінде туған.

  • И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын инженер- геолог мамандығы бойынша (1955); ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының аспирантурасын бітірген (1958). Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты.
  • Кеңқияқ, Қаратөбе, Оңтүстік Қаратөбе, Ақжар және т.б. кенорындарын ашқан ізашар. 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 3 монографияның авторы. 1955 жылдан - «Қошқар» МКБ ұңғымаларды зерттеу жөніндегі технигі, геологы, бұрғылау жөніндегі аға геологы. 1957 жылдан - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің «Сағыз» ірілендірген мұнай кәсіпшілігінің бас геологы. 1962 жылдан - Мұғалжар өңірі мұнай барлау экспедициясының бас геологы. 1963 жылдан - «Ақтөбемұнайбарлау» тресінің бас геологы. 1972 жылдан - Батыс Қазақстан мұнай және газ бас басқармасының Кеңқияқ мұнай барлау экспедициясының бастығы. 1979 жылдан - Ақтөбе МГБЭ бас геологы. 1981 жылдан - «Ақтөбемұнайгазгеология» ӨГБ бас геологы. 1997 жылдан - «ҚазақТүрікМұнай» ЖШС БК аға геологы. 1999 жылдан - Қазақ ұлттық техникалық университеті Ақтөбе филиалының профессоры. 2000 жылдан бері - «Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу» компаниясы» АҚ бас геологы. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. КСРО және ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}