Зарема Қастеева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зарема Қастеева-(17.2.1947 жылы туған, Алматы) - балет артисі, Қазақстанның халық артисі (1981).

1966 жылы Мәскеудегі Үлкен театр жанындағы хореографиялық училищесін бітірген.

Сол жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрында жұмыс істеді. Қастееваның репертуарында Никия (Л.Ф. Минкустың "Баядеркасында"), Жизель (А.Аданның осы аттас балетінде), Фригия (А.И. Хачатурянның "Спартағында"), Аврора (П.И. Чайковскийдің "Ұйқыдағы аруында"), Баршагүл (А.Серкебаевтың "Ақсақ құланында"), Әлия (М.Сағатовтың "Әлиясында"), Мария (Б.В. Асафьевтің "Бақшасарай фонтанында"), т.б. партиялары бар. Гастрольдік сапармен Чехославакия (1973), Югославия (1979), Ұлыбритания (1974), Дания (1975), Үндістан (1976), Жапония (1978), Австрия, Финляндия (1980), АҚШ, Швеция (1981), Германия (1984), т.б. елдерде болды. Бүкілодақтық Комсомол сыйлығы иегері (1980).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}