Заманбек Жәкенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Заманбек Жәкенов - 1930 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған.

  • Ата-анасы 1932 жылы Шығыс Түркістан өлкесінің Дөрбілжін ауданындағы Ақтас дейтін жерге қоныс аударған.
  • 1947 жылы орта мектепті тамамдаған соң, Құлжа қаласындағы офицерлер дайындайтын әскери мектепте оқыған.
  • 1954 жылы Үрімшідеғі жоғары партия мектебін бітірген.
  • 1955 жылы Қазақстанға қайтып оралған соң 19551963 жылдары жұмысшы, кітапхана меңгерушісі болып еңбек еткен.
  • 19631968 жылдары Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Екпінді еңбек» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған.
  • 19681990 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінде қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1955 жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады.

Шығармалары

  • Аяулы қарындас. Повестер. А., «Жазушы», 1966;
  • Таң самалы. Повесть. А., «Жазушы», 1971;
  • Қайта айналып келгенше. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын»,

1978;

  • Күн көтеріліп келеді. Роман. А., 1981;
  • Боз қараған. Повестер мен әңгімелер. А., 1999.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ

әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}