Жәнібеков Мұқатай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәнібеков (Угар) Мұқатай (1887, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі, Теміржол болысы — 1932) — қоғам қайраткері. Ресей империясының Чита қаласы маңындағы Замятин шахтасында жұмыс істеп жүріп, 1905 жылы жұмысшылар ереуіліне қатысқаны үшін шахтадан қуылады. Кейін Лена алтын кеніндегі жұмысшы қозғалысына қатысып (1912), 12 жылға жер аударылады. 1917 жылы босап шығып, Омбыдағы депутаттар кеңесінің жұмысына араласады. Омбы маңындағы Куломзино станциясындағы ақ гвардияшылармен соғыста бір топ достарымен тұтқынға алынып, ату жазасына кесіледі. Қамаудан шығып, астыртын большевиктер ұйымын басқарады. Кейін Колчак әскерлерінің қолына түсіп, Красноярск түрмесіне жөнелтіледі. Бұдан қашып шығып, Омбы уездік милициясының атты әскеріне алынады. Жәнібеков өмірінің соңғы жылдары Петропавл губерниялық атқару комитетіті революциялық трибуналының нұсқаушысы, мүшесі, Қарқаралы уездік милиция бөлімінің, Қазақстан өлкелік милиция мектебінің, Семей қалалық милиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жәнібеков Мұқатай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}