Жәлил Ғаниатович Киекбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жәлил Ғаниатович Киекбаев (1911 жыл 25 қазан - 1968 жыл 19 наурыз, Уфа) - башқұрт түркологы, алтаист, Башқұрт АССР-не еңбегі сіңген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1960).

Еңбек жолы

1942 жылдан КОКП мүшесі. 1937 жылы Мәскеудің бірінші шет тілдері педагогикалық институтын бітіріп, көп жылдар мектепте және жоғары оқу орындарында қызмет істеді. Ол 70-ке тарта ғылыми еңбектің авторы. Олардың көпшілігі башқұрт тіліне, кейбіреулері алтаистика мәселелеріне арналған. «Құрмет Белгісі» және Ленин ордендерімен марапатталған.

Шығармалары

  • Башқұрт тілінің әдебиеті, Уфа, 1958;
  • Башқұрт тілінің фонетикасы, Уфа, 1958;
  • Қазіргі башқұрт тілінің лексикасы және фразеологизмі, Уфа, 1966;
  • О происхождении некоторых падежных форм в урало-алтайских языках, Уфа, 1966;
  • Введение в урало-алтайское языкознание, Уфа, 1972.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том </ref>

Дереккөздер

<references/>