Жұп таңдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұп таңдау, ауыл шаруашылығындамал тұқымын асылдандыру тәсілдерінің бірі; аналық малдың сапасын ескере отырып, одан жақсы төл алу үшін лайықты аталық малды таңдап шағылыстыру. Жұп таңдау мал тұқымының өнімді сапаларын оның төлдеріне дарытып бекіту үшін және қандай да болмасын кемшілігін келесі төлінде болдырмау үшін жүргізіледі. Осыған орай Жұп таңдаудың біртекті Жұп таңдау және әртекті Жұп таңдау деген түрлері бар. Біртекті Жұп таңдау – өнімді сапалары ұқсас, жетілген аталық пен аналық малды шағылыстыру. Осының нәтижесінде олардың ұқсас өнімді сапалары төлге толық беріліп, одан әрі жетіледі. Әртекті Жұп таңдау – өнімді сапалары да, тегінде де айырмашылықтары бар аталық пен аналық малды шағылыстыру арқылы төл алу. Әртекті Жұп таңдау, негізінен, аналық малға тән кемшіліктердің жас төлге көшпеуі үшін қолданылады. Мал тұқымының сапасын жақсартуда Жұп таңдаудың екі түрі тығыз байланысты. Шаруашылықта өсірілетін малдың өнім сапасына байланысты Жұп таңдаудың екі түрі де қатар немесе уақытша біреуінің жиі не сирек қолданылуы мүмкін. <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Сілтеме

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жұп таңдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}