Жұмахан Балапанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жұмахан Балапанов (20.9.1920, қазіргі Алматы облысы Алакөл ауданы Қарасу а. – 2004, Алматы қ.) – агроном, экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1979).

Алматы ауыл шаруашылығы институтын (1956, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық универститеті) және КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1967) бітірген.

Партия, кеңес органдарында басшы қызметтер (1945–65) атқарған. Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары (1967–1971), институт директоры (1971–1977), Алматы халық шаруашылығы институтында кафедра меңгерушісі (1977) болды.

1975 жылы «Экономические основы специализации сельского хозяйства Казахстана» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Оның ғылыми жұмысының негізгі бағыты – аграрлық-өнеркәсіп кешенінің шаруашылық тетігін ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және жетілдіру мәселелері.

Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}