Жұбанғалиев Инган

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

1948 жылы Батыс Қазақстан облысы Жәнібек поселкесінде дүниеге келген. Кескіндемеші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1992). 1976 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Мәскеу Жоғары көркемсурет-өнеркәсібі училищесін бітірген (1981, бұр. Строганов). Жұмыстарының тақырыптары сан ғасырлар қойнауынан сыр шертеді, өйткені суретшіні Ұлы дала тарихының рәміздік және аллегориялық образдары, сондай-ақ тарих пен қазіргі заман байланысы, дуниеден өткен, болмаса көзі тірі-арамызда жүрген батырлар бейнелері қызықтырады. Жұбанғалиев жемісті жұмыстарын жүрегіне жақын жанрлардың бірі-портретте орындайды. И.Жұбанғалиев- халықаралық пленэрге және көптеген облыстық, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан. Жұмыстары түрлі деңгейдегі музей қорлары мен бірнеше елдің жеке коллекцияларында сақтаулы.

Әдебиет

Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 74б.

Жұбанғалиев Инган: Өмірдерек//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы, 2002.- 288б.